Онлайн-ойын үшін енесінің ақшасын ұрлаған келін ұсталды

14 Мамыр 2021, 13:16
Сурет: gomel.today

Ақмола облысының 35 жастағы тұрғыны онлайн-ойын ойнау үшін қайын енесін тонаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Степногорск қаласында 57 жастағы әйел жергілікті полиция бөліміне арыз түсірді. Ол банктегі есепшотындағы ақша жоғалғанын айтты.

Оның айтуынша, белгісіз біреу телефонындағы банктік қосымшасының көмегімен шотынан 81,5 мың теңгені қолды қылған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары кінәсін мойындаған 35 жастағы күдіктіні ұстады. Ол жәбірленушінің келіні болып шықты. Наурыз айының соңында ол енесінің барлық құжаттарының қолжетімді екенін пайдаланып, өз телефонынан қайын енесінің есепшотына кіре алатындай қосымша ашып алады, содан ақшасын көбейтуді қалап, шоттағы ақшаға онлайн-ойын ойнай бастайды", - деді облыстық ПД.

Осы фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық Кодексінің 188 бабы, 1-бөлігі, "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?