17 мамырда бірінші тоқсанның салық декларацияларын тапсыру мерзімі бітеді

14 Мамыр 2021, 14:07
Сурет: mcfr.kz

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылғы 17 мамырда 2021 жылдың 1 тоқсанына салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталатынын еске салады, деп хабарлайды zakon.kz.

Салық есептілігінің соңғы күндеріндегі ауыртпалықтарды болдырмау үшін МКД келесі салық есептілігі нысандарын алдын-ала тапсыруды ұсынады:

  • 101.03 формасы бойынша 2021 жылдың 1-тоқсанындағы резидент табысының төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есеп айырысу;
  • 101.04 формасы бойынша 2021 жылдың 1-тоқсанындағы резидент еместің табысының төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есеп айырысу;
  • 200.00 формасы бойынша 2021 жылдың 1 тоқсанына арналған жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;
  • 300.00 формасы бойынша 2021 жылдың 1-тоқсанына ҚҚС бойынша декларация;
  • 500.00 формасы бойынша 2021 жылдың 1 тоқсанына арналған өнімді бөлу келісімшарты бойынша жұмыс істейтін жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі туралы, өнімді бөлісудегі Қазақстан Республикасының үлесі, роялти, өндірістік бонус туралы декларация;
  • 531.00 формасы бойынша натуралды формада салық міндеттемесін орындау туралы декларация (есеп);

- жер қойнауын пайдаланушылар 531.01 қосымшасына сәйкес, 2021 жылдың 1 тоқсанына декларация тапсырады;

- мемлекет атынан алушылар 531.02, 531.03 қосымшаларына сәйкес, 2021 жылдың 1 тоқсанындағы ағымдағы төлемдер есебін ұсынады;

  • 560.00 формасы бойынша 2021 жылдың 1 тоқсанындағы тарихи шығындардың орнын толтырғаны үшін төлем туралы декларация. Егер тарихи шығындарды өтеу үшін төлем мөлшері 10 000 АЕК-тен асса;
  • 570.00 формасы бойынша 2021 жылдың 1 тоқсанындағы экспортқа ренталық салық бойынша декларация;
  • 590.00 формасы бойынша 2021 жылдың 1 тоқсанына арналған пайдалы қазбаларды өндіруге салық декларациясы;
  • 710.00 формасы бойынша 2021 жылдың 1 тоқсанға арналған ойын бизнесінің салық декларациясы;
  • 860.00 формасы бойынша 2021 жылдың 1 тоқсанына жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем туралы декларация;
  • 870.00 формасы бойынша 2021 жылдың 1 тоқсанына қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем туралы декларация (жылдық жалпы көлемінде төлем мөлшері 100 АЕК және одан жоғары төлеушілерге ластану объектілері, жылжымалы ластану көздері бойынша);
  • 913.00 формасы бойынша 2021 жылдың 1 тоқсанына арнайы салық режимдерінің бөлшек салығын қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация;

Сонымен қатар, мынадай салық есептілігі ұсынылады:

  • 400.00, 421.00 формалары бойынша 2021 жылғы наурызға құрылымдық бөлімшелер немесе салық салумен байланысты объектілер үшін акциздер мен есеп айырысу туралы декларация;
  • Салық міндеттемелері 2021 жылғы 1 мамырда туындаған немесе өзгерген объектілер үшін 701.01 формасы бойынша 2021 жылға арналған жер салығы мен мүлік салығы бойынша төлемдер.

2021 жылғы салықтар мен төлемдерді төлеу және салық декларацияларын ұсыну мерзімдері туралы мәліметтермен салық күнтізбесінде таныса аласыз.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?