Алакөлге қосымша жазғы пойыздар жүретін болды

14 Мамыр 2021, 14:56
Сурет: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Ұлттық тасымалдаушы Алакөл бағытында қосымша жазғы пойыздарды іске қосады, деп хабарлайды zakon.kz.

1) 2021 жылдың 17 маусымынан бастап №457/458 "Семей-Достық" қатынасында күн ара қатынау жиілігімен. Семей станциясынан тақ күндер бойынша, Достық станциясынан жұп күндер бойынша жөнелту;

2) 2021 ж.17 маусымынан бастап №459/460 "Өскемен-1 – Достық" қатынасында күн ара қатынау жиілігімен. Өскемен-1 станциясынан тақ күндері, Достық станциясынан жұп күндер бойынша жөнелту;

3) 2021 жылғы 20 маусымнан бастап №257/258 "Нұр-Сұлтан-1 – Достық" қатынасында жиілігі аптасына 2 рет қатынайды, жексенбі және бейсенбі күндері Нұр-Сұлтаннан, дүйсенбі және жұма күндері Достықтан жөнелтіледі.

Курорттық аймақ бағытында аптасына 2 рет жиілігімен қатынайтын №54/53 "Нұр-Сұлтан – Достық" пойызы, сондай-ақ жазғы кезеңде құрамында "Нұр – Сұлтан-Достық" тіркемелі вагоны бар №121/122 "Нұр-Сұлтан-Семей" пойызы, №6941/6942 "Ақтоғай-Семей" пойызына Ақтоғай станциясында қайта тіркелетін № 21/22 "Қызылорда-Семей" пойызы құрамындағы "Алматы-Достық" қатынасындағы тікелей вагон барлығын қаперге саламыз, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?