Семейде Шәкәрім даңғылымен жаяу жүрген әйел жазасын алды

14 Мамыр 2021, 15:45
Сурет: видеодан кадр

13 мамырда Семей қаласының полиция басқармасы жедел басқару орталығының "102" каналына Жол ережелерін бұзып, Шәкәрім даңғылы бойында жүрген әйел адам туралы хабарлама келіп түсті, осы әрекетімен ол жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО полициясына сілтеме жасап.

Оқиға орнына Семей қ.ПБ патрульдік полиция экипажы жіберіліп, нәтижесінде 40 жастағы әйел анықталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабының 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, сондай-ақ одан әрі тексеру үшін ол учаскелік полиция пунктіне жеткізілді. Кейін денсаулығын тексеру үшін Семей қалалық медициналық мекемесіне жіберілді.

2021 жылдың басынан бастап Семей аумағында ҚР ЖҚЕ бұзғаны үшін 2 мыңнан астам жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартты.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?