Жаңалықтар тізбегі
0

Мамин Дүниежүзілік банктің вице-президентімен кездесті

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2021 23:51 primeminister.kz
Келіссөздер қорытындысы бойынша нәтижеге бағдарланған мал шаруашылығын тұрақты дамыту бағдарламасы бойынша қарыз туралы келісімге қол қойылды.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша вице-президенті Анна Бьердемен кездесу өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Тараптар ҚР мен Дүниежүзілік банктің цифрлық технологиялар, қаржы, инфрақұрылым, энергетика, ауыл шаруашылығы, экология, адами капиталды, шағын және орта бизнесті дамыту секілді салалардағы жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан экономикасына пандемия салдарын барынша азайту мәселелерін талқылады", делінген primeminister.kz сайты хабарламасында.

Дүниежүзілік банк өкілдері ҚР Үкіметінің COVID-19-ға қарсы күрес, кәсіпкерлікті қолдау және нәтижелі жұмыспен қамту бойынша қабылдап жатқан шараларына жоғары баға берді, бұл 2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу траекториясына шығуына мүмкіндік берді.

Экономиканың нақты секторындағы тұрақты және жоғары өсу қарқыны, елдің ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібі үлесінің артуы, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер секторындағы қалпына келтіру серпіні ерекше аталып өтті. Келіссөздер қорытындысы бойынша нәтижеге бағдарланған мал шаруашылығын тұрақты дамыту бағдарламасы бойынша қарыз туралы келісімге қол қойылды.

Құжат Халықаралық қайта құру және даму банкінің Қазақстанға ветеринариялық қызмет пен жануарларды есепке алу жүйесін жетілдіруге, фермерге бағдарланған қызмет көрсету моделін кеңейтуге, сондай-ақ етті мал шаруашылығы секторы үшін "жасыл өсім" саясатын іске асыруға 460 млн еуро бөлуін көздейді. Жобаны іске асыру мерзімі – 2021-2025 жылдар.

Кездесуге Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысты.

1992 жылдан бастап Дүниежүзілік банк Қазақстанда қаржы, инфрақұрылым, энергетика, АӨК, коммуналдық қызмет көрсету секторы, АT және басқа салаларды дамыту жөніндегі 55-тен аса мемлекеттік жобаның іске асырылуын қаржыландырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: