Әсел Айтпаеваның өлімі. Полиция марқұм қыздың туысын ұстады

16 Мамыр 2021, 09:59
Сурет: ADT.by

Нұр-Сұлтан қалалық полициясы Грузияда ауыр қылмыс жасады деген күдікпен марқұм Әсел Айтпаеваның алыс туысы Мұрат Мейірбековті ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Елордалық ПД-ның хабарлауынша, ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодекстің 128-бабы (Адам саудасы) бойынша қолға алынды.

Әсел Айтпаева 5 мамырға қараған түні Тбилисиде түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен. Оның немере апайы қайтыс болғанға дейін қыз құрбысына аудио хабарлама жолдап үлгергенін айтты. Онда белгісіз ер адамның оны қорқытып-үркітіп жатқан дөрекі сөздерін естуге болады.

Тергеу барысында Грузия азаматы Зугдиди Бесик Тордуа ұсталды, ол зорлау және суицидке итермелеу айыбымен ұсталды. Ол 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?