Қамауға алынған Qaznews24 аккаунтының авторы полициядан босап шықты

16 Мамыр 2021, 10:09
Сурет: instagram.com/rukh2k19

Qaznews24 парақшасының әкімшісі Темірлан Еңсебек полициядан босап шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Rukh2k19 мәліметі бойынша, ол полицияда бес сағат болып, сұрақ-жауап алынған соң босатылған.

Қазір іс қасақана жалған ақпарат таратты деген айыппен сотқа дейінгі тергеу сатысында қарастырылып жатыр.

Еңсебек жария етпейтін құжатқа қол қойды, бірақ өзін кінәлі деп санамайтынын айтты. Оған тәркіленген телефоны мен компьютері қайтарылмады.

Бұған дейін полиция әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде оның Instagram-дағы аккаунтын анықтағандығы белгілі болды. Полиция парақшаның жалған хабарлама таратқанын анықтады. Автордың өзі ол хабарламаны сатиралық сипатқа жататынын айтып отыр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар
қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?