Жамбыл ауданына жаңа әкім тағайындалды

16 Мамыр 2021, 10:17
Сурет: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ертас Нұрлан Ертасұлы Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысы әкімінің өкімімен Әлиев Бағдат Байшалұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жамбыл ауданының әкімі лауазымынан босатылды.

Ертас Нұрлан Ертасұлы 1980 жылы туған. Қазақ ұлттық аграрлық университетін инженер-механик мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын "MotoLink" ЖШС бастығы болып бастаған.

Әр жылдарда Алматы облысы Жамбыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, Жамбыл ауданы Теміржол, Мыңбаев селолық округтерінің әкімі, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2015 жылдың ақпан айынан бастап Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары болды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?