ШҚО-дағы жантүршігерлік жол апаты. Төрт адам жанып кеткен

16 Мамыр 2021, 10:29
Сурет: Instagram/eastkazpolice

15 мамырда, түнгі сағат 12:45 шамасында Volvo жүк көлігі Өскемен-Алтай тас жолының шетіне шығып кетіп, аударылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жол апаты тас жолдың 25 шақырымында орын алды. 37 жастағы жүргізуші шамамен рөлге ие болмай қалған, деп хабарлайды облыстың ПД баспасөз қызметі.

Аударылған көлік өртке оранған. Полиция жүк көлігі ішінен жүргізушінің және үш жолаушының өртенген денелерін алып шықты, олардың екеуі кәмелетке толмаған балалар.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі, "Көлік құралын басқарған адамның жол қозғалысы ережелерін бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?