Covid-2019: "Қызыл" аймаққа тағы екі өңір қайта оралды

16 Мамыр 2021, 11:36
Сурет: Pixabay

Коронавирустың таралу деңгейі бойынша Алматы мен Ақтөбе облыстары "сары" аймақтан өте қауіпті аймаққа өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, олар қазір "қызыл" аймақта болып саналады.

16 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы келесі сипаттағыдай:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?