БҚО-дағы жол апатынан екі адам және 39 жылқы опат болды

16 Мамыр 2021, 16:45
Сурет: news.ati.su

Батыс Қазақстан облысында соқтығысқан екі жүк көлігі отқа оранды. Салдарынан екі адам көз жұмып, 39 жылқы өртенді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мой город" порталының хабарлауынша, КамАЗ-дың тіркемесінде тола жылқы болған, ал Mercedes-Benz көлігі бос келе жатқан. Екеуі соқтығысып, кейін жүк көліктері өртенген.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жол апаты 15 мамырда сағат 23.56-да Қаратөбе ауданының маңында, Самара-Шымкент тасжолының 464-ші шақырымында болған.

"40 жылқы тиеген КамАЗ бен түрік нөмірі бар Mercedes-Benz Actros жүк көлігі бетпе-бет соғысқаннан кейін өрт шықты. Ауыр жүк көліктері толығымен өртеніп кетті, 39 бас жылқы да өртенді. Көліктерден күйген екі адамның денесі шығарылды, бір адам әртүрлі жарақаттармен Сырым ауданының орталық аймақтық ауруханасына жатқызылды. Қаза тапқандардың жеке басы анықталып жатыр, - деді құзырлы ведомствоның баспасөз қызметі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?