Приозерск қаласының жаңа әкімі тағайындалды

25 Мамыр 2021, 17:03
Сурет: Қарағанды облысының әкімдігі

Приозерск қаласының әкімі болып Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Сапар Сатаев тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Өңір әкімі Жеңіс Қасымбек Приозерск активіне қаланың жаңа басшысын таныстырып, оның алдына бірқатар міндеттер қойды.

Сапар Сатаев еңбек жолын 2002 жылы бастаған. "Қазақавтожол" РМК-да жұмыс істеді, "Ботақара су қожалығы" КМҚК директорының орынбасары, директордың м. а. болды.

2010 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Әкім ретінде Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының Ботақара кентін басқарды.

2013 жылдан 2015 жылға дейін Қарағанды облысы Абай ауданы Абай қаласының әкімі болды.

2015 жылдан бүгінгі таңға дейін Бұқар Жырау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?