ЕО жетекшілері Лукашенко режиміне санкция салуға келісті

25 Мамыр 2021, 17:08
Сурет: AFP

Еуроодақ жетекшілері Беларуське санкция салуға келісті. Атап айтқанда, белорус авиациясына одақтың 27 мемлекетінің әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салынады, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Еуроодақ кеңесі ресми мәлімдемесінде барлық авиатасымалдаушыларды Беларусь аумағынан ұшпауға шақырған.

Еуроодақ жетекшілері жексенбі күні Грекиядан Литваға ұшқан жолаушылар лайнерінің Минскіге мәжбүрлі түрде қондырылуына жауап ретінде Лукашенко режиміне санкция салып отыр. Минск әуежайына ұшақ қонғаннан кейін Беларусь билігі Лукашенко режимін өткір сынап жүрген, билікке қарсы наразылыққа қатысқан журналист, блогер Роман Протасевичті ұстады. Ол Минскідегі тергеу изоляторына жеткізілді.

Еуроодақ кеңесінің мәлімдемесінде Роман Протасевич пен қызы София Сапеганы босату туралы талап жазылған. Мәлімдеме авторлары билік оларға еркін қозғалуына кепілдік берілуі тиіс деп санайды.

Ал Брюссель Азаматтық авиация жөніндегі халықаралық ұйымды (ICAO) оқиғаны дереу зерттеуге шақырды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?