Мамандандырылған ХҚКО-лар әзірге жұмыс істеп тұрған жоқ

26 Мамыр 2021, 10:02
Сурет: kolesa.kz

Қазақстанда Мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысында әлі де ақаулар бой көрсетуде, деп хабарлайды zakon.kz.

"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының хабарлауынша, автоқызметтер түскі уақытқа дейін қолжетімді болмайды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ҚАП базаларындағы ақауларға байланысты бүгін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы автоқызметтер сағат 12: 00-ге дейін қолжетімді болмайды, деп атап өтті баспасөз қызметі.

Жүйе жұмысындағы ақаулар 25 мамырда түстен кейін сағат 12.00-ден басталды.

Мемлекеттік қызметтерді қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесі туралы кейінірек хабарланады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?