Ақорда маңындағы өрттің себебі анықталды

26 Мамыр 2021, 10:16
Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Нұр-Сұлтанда теректен түскен ақ ұлпа тұтанып, 250 шаршы метр аумақ жанып кетті. От сол жағалаудағы Ақорда мен әкімшілік ғимараттардың маңына дейін жеткен, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Бас қаланың өрт сөндірушілері биыл әппақ ұлпа жер-көкті басып қалғанын айтады. Оны балалар сіріңкемен жағып ойнап, соңы өртке ұласуда. Темекі тұқылын да көрінген жерге тастай салмау керек. Елордада бір тәулікте тек мамық өрті бойынша 53 дерек тіркелген. Синоптиктер осы аптада Нұр-Сұлтанда күн райы 36 градусқа дейін көтеріліп, ұлпаны басатын жауын-шашынның болмайтынын да ескертті. Сондықтан төтеншеліктер тұрғындарды қауіпсіздік шарасына бей-жай қарамауға шақырады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?