ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

26 Мамыр 2021, 12:38
Сурет: primeminister.kz

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы болып Айжан Болатқызы Шайназарова тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Айжан Шайназарова 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Санкт-Петербург мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген, Дьюк университетінде тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі институтының Алматы филиалында аға лаборант қызметінен бастады.

1994-1999 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

1999-2001 жылдары — Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы.

2001-2004 жылдары — ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ұйымдастыру жұмысы және әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бас маманы, басшысы.

2004 жылғы ақпан-желтоқсан аралығында — ҚР ақпарат министрлігінің Әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бастығы.

2004-2021 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.

2021 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі таңға дейін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?