Полицей жас әнші қыздың жоғалған микрофонын тауып берді

26 Мамыр 2021, 15:05
Сурет: Көліктегі полиция департаменті

Нұрлы-Жол станциясы Желілік полиция бөлімшесіне жасы 35-тер шамасындағы әйел шағымданып келген. Оның айтуынша, ән айтумен айналысып жүрген мектеп жасындағы қызы бағалы микрофонын жоғалтып алған, деп хабарлайды zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 мамыр күні жолдасым мен қызым "Алматы – Нұрлы Жол" бағытындағы пойыздан түскесін, таксиге отырады. Қызым қайда барса да музыкалық аспаптарды үнемі өзімен бірге алып жүруді әдетке айналдырған еді. Солардың ішінде құны 150 000 теңгеден асатын микрофон апараты да болған. Сөйтіп, екеуі үйге келіп, таксиден түскен кезде әлгі микрофонды таксиде ұмытып, қалдырып кеткен. Жолдасым сол күні вокзалға қайта айналып барғанымен, таксисті іздеп, таба алмады, - дейді А. Досанова.

Оқиғадан соң үш күн өткенде аталған азаматша полицейлерге жоғалған микрофонды тауып берулерін сұрап өзі келген. Бір қызығы, өтініш иесі дәл сол күні қызының туған күні екендігін және қызының туған күніне жаңа микрофон сатып әперуді сұрағанын айтқан. Алайда, ол қызына бағалы затты әпере алмаған.

Өтініш қабылдана салысымен бірден іздестіруге кірістім. Бейнебақылаулар арқылы вокзал аумағын толық қарап шықтым. Бұдан соң, барлық такси жүргізушілердің тексердім. Тіпті, бірнеше көлік жүргізушілерімен тікелей байланысқа да шықтым. Жүйелі жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде, микрофонды тастап кеткен көліктің жүргізушісін анықтап, жоғалған затты ізін суытпай иесіне қайтардық, - дейді Нұрлы-Жол стациясындағы патрульдік полиция тобының полиция аға сержанты Нұрбек Жанаев.

"Өзіміз үш күн іздеп таба алмаған затты, Нұрбек үш сағатта тауып берді. Қызымның төл мерекесі күні зор қуаныш сыйлаған көлік полицейіне алғысым шексіз. Әрқашан дені сау болсын, осылай ел алғысына бөлене берсін", - дейді А. Досанова.

Сақшылардың табандылығы мен өз істеріне адалдығының арқасында жоғалған зат иесіне қайта оралды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?