"Жол апатынан 14 оқушы қайтыс болды". Желідегі видеоға полиция түсінік берді

26 Мамыр 2021, 16:52
Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысында болған жол апатының видеосы тарады. Видео сипаттамасында 14 оқушының қайтыс болғаны туралы айтылған. Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Айшабибіде маевкадан қайтып келе жатқан 14 оқушы қайтыс болыпты. Ата-аналар чатына салыңыздар! Балалар ата-ана жанында болсын", - делінген видеоның сипаттамасында.

Жамбыл облыстық полиция департаменті жол апаты 24 мамырда Айша Бибі ауылының жолында болғанын хабарлады.

"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Таразға қарай келе жатқан Mitsubishi Pajero көлігі BMW көлігінің соқтығысқанын анықтады. Жол апатынан BMW-ның 19 жастағы жүргізуші мен оның жолаушысы сол жерде қайтыс болды", - дейді полициядағылар.

Бұдан бөлек, 6 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?