Қазақстандық теннисшілер Португалиядағы турнирді сәтті бастады

27 Мамыр 2021, 10:02
Сурет: ktf.kz

Қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев пен Тимофей Скатов Оэйраш (Португалия) челленджер турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды zakon.kz Қазақстанның Теннис федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Д.Евсеев бастапқы кездесуін хорватиялық Нино Сердарушичпен өткізді. Қазақстандық теннисші 1 сағат 40 минутқа созылған матчта 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Д.Евсеев 10 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді. Ол келесі айналымда португалиялық Нуно Боргеспен кездеседі.

Т.Скатов алғашқы айнадымда Нидерланды өкілі Игор Сийслингті 2:6, 6:2, 7:6 (7:4) есебімен ұтты. Тартысты бәсеке 2 сағат 14 минутқа созылды. Т.Скатов 8 брейк-пойнттың тең жартысын өз пайдасына жазды. Ол ширек финалға шығу үшін тағы бір португалиялық Гонсалу Оливейрамен шеберлік байқасады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?