Сенат сатып алуларға бақылауды күшейтетін заң қабылдады

27 Мамыр 2021, 12:19
Сурет: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенатта ұлттық компаниялар мен мемхолдингтердің сатып алуын реттейтін заңдар қабылданды. Бұрын ондай ережелер де, тиісінше бірыңғай реттеу қағидаты да болмаған еді, деп хабарлайды zakon.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа заңдар бір жағынан сатып алу рәсімдерін жеңілдетеді және екінші жағынан шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуына бақылауды күшейтеді. Яғни, сенаторлар қабылдаған заң кәсіпкерлер үшін квазимемлекеттік сектордың сатып алуларына қатысу кезінде ашық және әділ бәсекелестікке жағдай жасайды.

Мемлекеттік қаржыны тиімді жұмсау – аса маңызды мәселе. Мемлекеттік сатып алуды, оның ішінде квазимемлекеттік сектордың сатып алуын тиімді пайдалануды пандемиядан кейінгі кезеңде экономикалық бәсекелестікті қалпына келтірудің тетігі ретінде қарастырған жөн. Алайда, осыған дейін ұлттық компаниялар мен мемлекеттік холдингтердің сатып алулары жалпы тәртіптен шығарылып, өз ережелері бойынша жүргізіліп келді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы мәселелерді шешу үшін тиісті заң қабылданып отыр, – деді Мәулен Әшімбаев.

Заң мұндай сатып алуды өткізудің қағидаттары мен тәсілдерін реттейді. Онда сондай-ақ сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер, бақылау мәселелері, сондай-ақ рәсімдердің өтуіне шағымдану тәртібі жазылған. Енді сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер тізбесі, оларды жоспарлау қағидалары және әлеуетті жеткізушіге қойылатын біліктілік талаптары белгіленгені де маңызды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?