"Қазпочта" қызметкері 1 млн теңгеге жуық ақша иемденді

27 Мамыр 2021, 15:49
Сурет: uralskweek.kz

Ағымдағы жылдың 25 мамырында Шортанды ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Новоселовка ауылының 59 жастағы тұрғыны жүгінді, деп хабарлайды zakon.kz Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйел 2018 жылғы желтоқсаннан бастап 25 мамырға дейін аралықта белгісіз біреулер оның "Қазпочта" АҚ-дағы шотынан 993 мың 500 теңге көлемінде ақша қаражатын алғанын хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы ауылдың 32 жастағы тұрғынын, акционерлік қоғам қызметкерін анықтады. Қаскүнем бұл әрекетін мойындады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабының 2-бөлігі "сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Күдіктіге қатысты іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы келу туралы міндеттеме түрінде таңдалды. Тергеу жалғасуда.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?