Өгей қызына азғындық жасаған оралдық 20 жылға сотталды

28 Мамыр 2021, 09:30
Сурет: видеодан кадр

Оралда өгей қызына азғындық жасаған ер адам 20 жылға сотталды. Бірақ сотталушы өз айыбын мойындаған жоқ, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Сот материалдарынан белгілі болғандай, өгей әке 13 жастағы жеткіншекті алдап-сулап, жыныстық қатынасқа түсуге үгіттеген. Ақыры оңаша үйге апарып, арам ойын іске асырған. Кейін қызды тағы шақырған. Ал анасы басында қызының сөзіне сенбегенін айтады. Тек күйеуінің аудиохабарламасын тыңдағаннан кейін ғана мән беріпті.

Сот айыптыға ең жоғары жаза кесті. Ол енді жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуіне тыйым салынды. Бірақ сотталушы кінәсін ақыры мойындамай қойды.

Жәбірленушінің анасы:

Басында қызымның айтқанына сенбейтін едім. Кейін күйеуімнің төсектес болуға шақырған аудиожазбасын тыңдағасын, бір сұмдықтың болғанына көзім жетті. Күйеуім қызымды "еш жеріңді ауыртпаймын, 15 мың теңге ақшасын төлеймін" деп азғырып жатыр. Сот әділ үкім шығарып, сұмырай өз жазасын алды!


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?