Облыс әкімі Оразалин көпбалалы аналардан неге қашып жүр

28 Мамыр 2021, 10:46
Сурет: видеодан алынды

Ақтөбе облыстық әкімдігі осыдан үш жыл бұрын баспанасы жоқ 50 отбасыға үй салуға саяжайдан жер телімін бөледі. Ал инфрақұрылым, коммуникация жарты жылда тартылады деп уәде берген. Бірақ үш жыл өтсе де мұнда жарық та, су да жоқ. Ал көпбалалы аналардың басы өз күшімен үй салып, енді қараңғыда сусыз-күйсіз отыр, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ашынған аналар әкімдікте шу шығарып, аймақ басшысымен кездесуді талап етті. Бірақ оларды Оңдасын Оразалин қабылдамай қойды.

Ақтөбенің шетіндегі "Энергетик" деп аталатын бау-бақша ұжымынан баспанасы жоқ көпбалалы 50 ана үш жыл бұрын жер алғанда қуанышы қойнына сыймаған. Солардың алды үй тұрғызып кіріп алса, қалғаны құрылыспен айналысып жүр.

Айнұр Кәрімбаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Міне, бар ақшамызға салып жатырмыз. Су, жарық, газ келмесе, мен бұл жақта қалай тұрамын? Бес баламмен қалай отырамын? Қазір су тасып салғызып жатырмын.

Жер берген кезде шенеуніктер жарты жылда комуникация тартылады деп уәде беріпті. Үш жыл өтсе де сөзінде тұрмаған. Ашынған аналар облыс әкімдігінде шу шығарды. Аймақ басшысы Оңдасын Оразалинмен кездесуді талап етті. Әкім аналармен кездесуге құлық танытпады. Ал қарамағындағылар баспанасыз әйелдерге жерді үй салуға емес, бау-бақша егуге бердік деп, айды аспанға бір-ақ шығарды. Ең қызығы, сусыз қалай бақша отырғызуға болатынын түсіндіріп бере алмады.

Сұлтан Аманчин, Ақтөбе қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:

- Жер көмек ретінде берілген. Құрылыс соғуға берілген жоқ. Ол жер бау-бақша жүргізуге берілді. Нысанның мақсаты – бау-бақша. Сол себепті ол жерге бюджеттен ақша бөлінбейді.

Енді көпбалалы аналарға өз күшімен жарық пен су тартып алудан басқа амал жоқ. Өйткені шенеуніктер комуникацияға қатысты ештеңе айтпадық деп бет бақтырмады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?