Қанша қазақстандықтың шетелде үйі бар - статистика

28 Мамыр 2021, 11:57
Сурет: 24.kz

Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті шетелде алуға әуес. Отандастарымыздың атына тіркелген үй-жай әсіресе, Ресейде көп, деп хабарлайды zakon.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Бұл – мемлекеттік кірістер комитеті таратқан ақпарат. Қайта биыл біздің азаматтар шет мемлекеттерден үйді аз алған. Былтырға қарағанда, өзге елдерде жылжымайтын мүлікті сатып алу көрсеткіші 12 процентке төмендепті. Бұған пандемия әсер еткен көрінеді.

Қазақстандықтардың кейбірі өз елінде басы бүтін баспанаға зар болып жүргенде, енді бірі шетелде үйлі болып жатыр. Әрине, кім қайда тұрамын десе де өз еркі. Дегенмен бүйірді қысқан пандемия өзге елге өзек байлағысы келетіндердің де қалтасына салмақ салғандай. Сөзіміз сөлді болу үшін айталық, былтыр шетелде жылжымайтын мүлік алу көрсеткіші 2019 жылмен салыстырғанда 12,5 процентке кеміген. Бұл ақпаратты мемлекеттік кірістер комитеті жариялады.

Сонымен жерлестеріміз көбіне үйді Ресейде алуға бейіл. 2020 жылы көрші елден 3,5 мың азаматымыз баспана алған. Екінші орында Болгария мемлекеті тұр. Өткен жылы мұнда қазақстандықтардың атына 272 жылжымайтын мүлік тіркелген. Отандастарымыздың иелігінде Түркияда- 216, Испанияда - 187, Біріккен Араб Әмірлігінде 69 үй-жай бар көрінеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?