Нұр-Сұлтанда жол апатын жасаған шендінің баласы. Тергеудің нәтижесі жарияланды

28 Мамыр 2021, 13:02
Сурет: zakon.kz

Көлігімен кәмелетке толмаған адамды қағып кеткен астаналық шенеуніктің баласы айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция апаттан кейін сот-медициналық сараптама жүргізіліп, жәбірленушіден дене жарақаттары анықталмағанын жеткізді.

Биыл 30 сәуірде Түркістан көшесінде 2004 жылғы кәмелетке толмаған баланың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына келсек, сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, 16 жасқа толмаған жасөспірімнен дене жарақаттары табылмағанын хабарлаймыз. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған адамның заңды өкілінен көлік жүргізушісіне қатысты орын алған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ешқандай талаптары жоқ екендігі және одан әрі тергеуден бас тартуы туралы жазбаша өтініш түсті. Соған қарамастан, апатқа кінәлі адам жазасыз қалмады. ҚР ӘҚБтК-ның 600-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, - деді полициядағылар.

Әкімшілік кодекстің 600-бабы, "Жаяу жүргіншілерге немесе басқа жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысында жол бермеу" 10 айлық есептік көрсеткіш (29170 теңге) мөлшеріндегі айыппұл түріндегі жазаны қарастырады.

Мамыр айының басында әлеуметтік желілерде Toyota Camry жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағында 2004 жылғы жасөспірімді қағып, жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалып, фитнес-орталықтың жанында тоқтағаны туралы ақпарат пайда болды. Жүргізуші - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МКД басқармасы бастығы Дамир Нұрғалиевтің ұлы екені белгілі болды. Ол ұлының қатысуымен болған жол апатына қатысты түсініктеме берді. Нұрғалиевтің айтуынша, ол жоғары лауазымды шенді емес әрі бұл істің оған ешқандай қатысы жоқ, ал ұлымен жеке әңгіме жүргізетінін жеткізген.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?