ТЖМ тауда жоғалған жетеудің неге үшеуі ғана табылғанын түсіндірді

28 Мамыр 2021, 14:51
Сурет: ҚР ТЖМ

21 мамырда жеті турист тауға шығып, оралмады. Бүгін, 28 мамырда оның үшеуі табылды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі осыған қатысты толық ақпарат таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтқандай, туристердің екі топқа бөлінуіне байланысты, әзірге жоғалған үш жігіт қана табылды.

Олар екі топқа бөлінген. Бір тобы табылды, екіншісі топ төрт адамнан тұрады. Оларды іздеу жалғасуда, - деді Уәли.

Төлеби өңіріндегі Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жеті адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама 112 басқару пультіне 2021 жылы 25 мамырда сағат 18.30-да түсті. 21 мамырда туристер Сары-Айғыр шатқалына жаяу барып, 24 мамырда оралуы керек болатын.

Төлеби өңіріндегі Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жеті адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама 112 басқару пультіне 2021 жылы 25 мамырда сағат 18.30-да түсті. 21 мамырда туристер Сары-Айғыр шатқалына жаяу барды және 24 мамырда оралуы керек болатын. Бірақ олар сол күйі жоқ. Көптеген қызмет оларды іздеумен айналысуда, одан бөлек тікұшақ пен квадрокоптерлер де бар.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?