Түркістанда тереңдігі бес метр әжетханаға түсіп кеткен екі бала аман қалды

28 Мамыр 2021, 15:36
Сурет: видеодан алынды

Түркістанда тәртіп сақшылары тереңдігі бес метр дәретханаға түсіп кеткен үш және 10 жастағы балаларды аман алып шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметінше, Сарыағаш аудандық полициясының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, үй ауласындағы дәретханаға өзінің үш жасар ұлы мен 10 жасар қызының абайсызда түсіп кеткенін айтып, көмек сұраған.

"Хабарламаны бірінші болып қабылдаған Сарыағаш АПБ учаскелік полиция инспекторлары Нұрдаулет Еділов пен Асыл Ережепов, сондай-ақ Айсұлтан Сапар оқиға болған жерге небары екі минут ішінде, жедел жетті. Бес метрлік әжетхана ішіндегі нәжіс 10 жасар қыздың иығына дейін жеткен. Ал жасөспірім қыз жанындағы үш жасар бала, яғни інісін нәжіске батып кетпесі үшін көтеріп тұрыпты. Полицейлер құтқарудан кешіксе, балалар иістен уланып қалуы да мүмкін еді, сондықтан қызметкерлер жедел түрде әрекет етіп, бетоннан жасалған әжетхана еденін темір құралымен соққылап бұзды. Бір жағынан тәртіп сақшылары әжетхана еденін бұзып жатып, ішіндегі балаларға қауіп төндірмей әрекет етті. Асыл Ережепов арнайы жіпті беліне байлап, бес метр тереңдіктегі әжетхана ішінен бірінші үш жасар ұлды, артынша 10 жастағы қызды аман-есен алып шықты", делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары әрекетіне риза болған және балаларының әжетханадан аман шыққанына қуанған анасы Ажаркүл Саржанова алғысын айтты.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?