Түркістан облысында тауда жоғалған жетеу. Табылған үш жігіт сұқбат берді

28 Мамыр 2021, 16:38
Сурет: видеодан алынды

21 мамырда Түркістан облысында жеті турист тауға шығып, жоғалып кетті. Бүгін, 28 мамырда оның үшеуі табылды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жігіттерді құтқару операциясының видеосын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Табылған үш турист сәтті эвакуацияланды. Олардың жағдайы қанағаттанарлы деңгейдеқ, оларға медициналық көмек қажет емес. Олардың екеуі - 1999 жылы, ал біреуі 2000 жылы туылды. Олардың айтуынша, үш күн бұрын олар екі топқа бөлінген, - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оларды ата-аналарына тапсырды. Қалған төрт жоғалған адамды іздеу жалғастырылуда.

"21 мамырда тауға шықтық. Қайтарда адасып қалдық, оның үстіне бір адам ауырып қалды. Сол үшін екіге бөліндік. Екеуіміз ауырған адамның жанында қалдық. Қалған төртеуі кері оралып, көмек шақыратындарын айтқан. Біз далада үш күн түнедік. Бүгін өзен жанынан құтқарушылар бізді байқап, тікұшақпен алып келді. Оларға алғысыз шексіз", - дейді видеода үш жігіттің бірі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?