Сирия диктаторы Асад төртінші рет президент болып сайланды

31 Мамыр 2021, 10:37
Сурет: Reuters

Сириялық диктатор Башар Асад 95 пайыз дауыспен төртінші рет жеті жыл мерзімге президент болып сайланды, деп хабарлайды centralasian.org.

Ел оппозициясы мен бірқатар батыс өлкелері Сирияда соғыс басталғаннан бері екінші рет өтіп жатқан сайлау нәтижесін мойындамады.

Отбасы 50 жылдан бері билікті бермей келе жатқан Асадқа қарсы онша танымал емес екі адам үміткерлер тізімінде болған.

26 мамырда Сирияда жалпы 12 мың сайлау учаскесі ұйымдастырылды. Дауыс беру солтүстік-шығыста – АҚШ қолдайтын күрд әскери күштері бақылайтын аймақта және олардың одақтастары – сириялық көтерілісшілер бақылайтын Идлиб провинциясында сайлау өткен жоқ.

Шетелдерде төлқұжатында Сирияда заңды құжат екенін растайтын мөрі бар азаматтар ғана елшіліктерде дауыс берді. Ал миллиондаған сириялық босқын сайлауға қатыспады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?