Азаматтығы жоқ адамдардың көбі Алматыда жүр

31 Мамыр 2021, 12:08
Сурет: видеодан кадр

Қазақстанда құқықтық мәртебесі және құжаттары жоқ адамдарға көмек көрсету науқан нәтижесінде 4 686 құжаттанбаған адамдар анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Олардың көпшілігі – Алматы (599), Қарағанды (541), Түркістан (426) Ақмола (326), Жамбыл (350) және облыстарынан анықталды).

1 278 адамға қатысты адамдарға азаматтығын растау рәсімі аяқталуда (Қазақстан Республикасының азаматтығын растау - 917 және АЖА тану - 361).

ҚР ІІМ Көші-қон қызмет комитетінің бөлім бастығы Ғани Шымырбаевтың сөзінше, қазіргі кезде құжатсыз тұратын адамдарды анықтау бойынша Үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен науқан жұмысы аяқталғанына қарамастан, аумақтардағы көші-қон қызметі бөліністерімен құжаттандыру жұмысы тұрақты негізде жүргізілетін болады.

2020 жылғы қыркүйек айынан бастап ағымдағы жылғы мамыр айына дейін Ішкі істер министрлігі үкіметтік емес ұйымдармен "Адам құқықтарының заңдылығын сақтау жөніндегі халықаралық бюро" және "Сана Сезім" әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы" Акционерлік қоғамымен бірлесіп азаматтығы анықталмаған адамдарды анықтау және құжаттандыру бойынша ауқымды сәйкестендіру науқанын іске қосты.

Науқанның мақсаты – ҚР аумағында құжатсыз, немесе 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты негізінде тұратын адамдар ішкі істер органына жүгінуге құқылы екенін қоғамға жеткізу, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес олардың құқықтық мәртебесі анықталатын болады.

Тәжірибеге сәйкес құжаттанбаған адамдар көбінесе, ТМД елдерінің жарамсыз паспорттарымен елге келген, немесе 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорт иелері. Сондықтан олар өздерінің заңды құқықтарын жүзеге асыруда шектеулі – жәрдемақы ресімдей алмайды, денсаулық қызметтерін ала алмайды, білім және тағы басқалар.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?