Шарындағы оқиға: жас мұғалім балаларды құтқарамын деп қаза тапты

31 Мамыр 2021, 14:50
Сурет: Алматы ББ

Алматы қаласының білім басқармасы Шарын каньонында оқушы қыздарды құтқару кезінде қаза тапқан мұғалім туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Мерей Ибрагимов өнер пәндерінің педагогы болған. Ол 26 жаста еді.

№199 мамандандырылған гимназия ашылған күннен бері сонда 3 жыл жұмыс істеген, жалпы педагогикалық еңбек өтілі 5 жыл. Мектеп ұжымы оның өте жауапты мұғалім болғанын, барша оқушылардың сүйікті ұстазы, өз ісінің шебері болғанын айтады.

Ол сел кезінде балаларды құтқарамын деп қайғылы қазаға ұшырады.

Куәгерлердің сөзінше, Мерей оқушыны судан шығармақ болып, қолынан тартып жатқанда оны селмен ағып келген тас жаншып кетті.

29 мамырда Шарын каньонында сел жүріп, нәтижесінде алты адам жараланып, екі адам қайтыс болды: мұғалім мен оқушы қыз.

Жоғалып кеткен 11 жастағы бір қыз бала келесі күні тірі табылды, қазір ол ауруханада.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?