Түркістан - Бішкек жаңа халықаралық рейсі ашылды

31 Мамыр 2021, 16:43
Сурет: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

2021 жылғы 31 мамырда "Fly Arystan" әуе компаниясы түркі әлемінің мәдени астанасынан Қырғызстан астанасы Бішкекке жаңа халықаралық рейсті іске қосады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан – Бішкек рейстері А-320 әуе кемесімен аптасына 2 рейс (1, 4 күн бойынша) орындалады.

Мәселен, 2021 жылғы 31 мамырда орындалатын алғашқы рейсте Түркістан мен Бішкек қалалары арасындағы орташа коммерциялық жүктеме 60%-дан асады. Осылайша, Ұлы Жібек жолындағы туризмді дамыту орталығы ретінде Түркістан қаласын шет мемлекеттермен байланыстыру жөніндегі міндет дәйекті түрде орындалып келеді.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?