Шымкент стансасынан Сарыағаш курорттық аймағына автобус қатынайды

31 Мамыр 2021, 17:05
Сурет: "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ

Жазғы маусымда "Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін 2021 жылдың 3 маусымынан бастап Шымкент стансасынан Сарыағаш курорттық аймағына дейін автобустармен Трансфер ұйымдастыру бойынша қосымша қызметті іске қосады, деп хабарлайды zakon.kz "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол үшін жолаушы Шымкент және Сарыағаш қалаларындағы автобусқа отырғызу кезінде жүргізушіге қағаз түріндегі немесе электрондық теміржол билетін көрсетуі тиіс.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ логотипі бар автобустар Шымкент теміржол вокзалының тұрақ аймағында және Сарыағаш курорттық аймағында жолаушыларды күтетін болады.

Жол жүру құны - бір бағытқа 1800 теңге. 7 жасқа дейінгі балаларға тегін.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?