ШҚО-да сотталғанның балалар үйінде тұратын ұл-қызына сыйлық жасалды

1 Маусым 2021, 16:07
Сурет: ШҚО ҚАЖ Департаменті

1-маусым "Халықаралық балаларды қорғау күні" қарсаңында ШҚО ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінің қызметкерлері Новая Шульба кентінде орналасқан "өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына" барып, бүлдіршіндерді келе жатқан мерекелерімен құттықтап, балалар үйінде орналасқан балаларға арнайы тәттілермен сотталғандардың қолдарымен тігілген бетперделерді коронавирус індетін жұқтырмайтындай карантин талаптарын қатаң сақтап жеткізіп берді.

Мысалы, адам өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған сотталған Максим Нагорнов (аты жөні өзгертілген) қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемесінде отырғалы біраз жылдар болды.

Қазіргі уақытта Максимның үлкен арманының бірі балалар үйінде орналасқан екі бүлдіршінімен кездесу. Себебі Максим темір тордың ар жағына түскелі, жұбайы белгісіз жағдайлармен балаларын тастап хабарсыз кеткен ,екі баласы осы балалар үйіне тапсырылған болатын.

Мен оларды қатты сағындым,олар мені күтіп жүр, мен де олармен кездесуді тағатсыздана күтіп жүрмін, жүрегім сезеді, осы темір тордан босап шықсам, балаларымды бірге тұруға алармын, дейді сотталған.

Максим түзеу мекемесінде қазіргі уақытта тігін цехында жұмыс істеп жүр. Ол балалар үйіндегі екі баласына және де өзге балаларға арнап,өзінің айлығынан тәттілер алып, мекеме қызметкерлеріне жеткізіп беруін өтінген болатын.

Мекеме әкімшілігі сотталғанның өтінішін қарастырып,өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барып сотталғанның қолымен тігілген бетперделермен тәттілерін жеткізіп берді.

Еске сала кетсек,ШҚО Білім Басқармасына қарасты "Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы"2005 жылы құрылып, ШҚО Бородулиха ауданында Новая Шульба кентінде орналастырылып ашылған болатын.

Қазіргі таңда балалар үйінде 57 тәрбиеленуші, оның ішінде 15-і жетім балалар мен қалған 42 балалардың туысқандарының жағдайы жоқтығынан осында орналастырылған,кейбір бүлдіршіндердің әке-шешелері алкогольдік ішімдік зардабынан және түрлі өмірлік қиын жағдайдан балаларына қамқор бола алмайды, кей балалардың ата аналары темір тордың ар жағында отыр, сондықтан бұл балалардың арманы - өз үйім болса екен, ата анам тезірек алып кетсе екен деген үлкен күшті арман, дейді орталық басшысының орынбасары Гадизаде Р.

Жалпы түзеу мекемесінде отырған сотталғандардың 50-80 пайызының балалары туыстарының және ата аналарының қарауында болады,ал балалар үйіне тапсырылған балалардың ата анасы түзеу мекемелерінде жаза өтеп жату жағдайлары да өмірде аз емес,жазасын өтеп жатқан сотталғандар әр кезде мекеме әкімшілігіне өз өтінішін білдіре алады,әрине ол отбасы жағдайына, бала мәселесіне байланысты болса,біз көмек беруге дайынбыз, дейді мекеме бастығы әділет подполковнигі Агиспаев Қ.Р.

Бүгінгі таңда елімізде 23 мыңға жуық жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар көп. Балалар үйінде тек 4 мың адам тұрады және жетім балаларға арналған 96 ұйым жұмыс істейді. Осы ұйымдардың тәрбиеленушілерімен жалпы жетім балалрдың контингенті соңғы 10 жылда 10 мыңға азайды. Соңғы 3 жылда контингент 2 мыңға қысқарды, себебі статистиканы азайту мақсатында елімізде балалар үйлері трансформациялануда, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталықтары құрылуда, делінеді ОКҚ онлайн брифингінде.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?