Депозиттер бойынша шілдедегі максималды мөлшерлемелер жарияланды

2 Маусым 2021, 09:47
Сурет: zakon.kz

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың шілде айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қысқа мерзімді депозиттер бойынша ұсынылған максималды мөлшерлемелер Қазақстанның Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің мәні қайта қаралмағандықтан өзеріссіз қалды. Еске саламыз, олардың деңгейі осы базалық мөлшерлемеге тікелей тәуелді.

24 айға арналған ұзақ мерзімді жинақ және мерзімді салымдар бойынша максималды мөлшерлемелер де бұрынғы деңгейінде қалды. Бұған депозит нарығының осы сегментінде белсенділіктің төмендігі себеп болды. Бұл ретте теңгелік депозиттердің ішінде ең табыстысы - 12 айға арналған, толықтырып отыруға болмайтын жинақ салымдар болып қалуда - 14,0%.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?