Ақмола облысындағы Шағалылы өзеніне екі әйел батып кетті

2 Маусым 2021, 10:18
Сурет: Depositphotos

Ағымдағы жылдың 29 мамырында Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне теміржол саяжайларында екі әйелдің Шағалалы өзеніне кетіп, оралмағаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына келгеннен кейін, атап айтқанда, саяжайдан шығысқа қарай 10-15 метр жерде орналасқан "Шағалалы" өзенінің жағасында полиция қызметкерлері Ақмола облысының 42 және 39 жастағы тұрғындарының мәйітін тапты.

Алдын ала сараптама жүргізу барысында тергеу-жедел және сот-медициналық тобының сарапшысы зорлықпен өлімнің іздерін тапқан жоқ.

Қазіргі уақытта қаза тапқандардың денелері өлімнің себебін анықтау үшін Ақмола облысы бойынша Сот медицинасы институтына сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін судағы сақтық шараларын қатаң сақтау керек. Су айдындарында демалу кезінде есте сақтаңыз өзіңіздің және балаларыңыздың қауіпсіздігі туралы ұмытпаңыздар, деп ескертеді Ақмола облысы ПД.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?