Үкіметтің 89 функциясы министрліктерге беріледі

2 Маусым 2021, 12:16
Сурет: zakon.kz/Золотухин

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы барысында депутаттар "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұлттық экономика министрлігі басшысының айтуынша, заң жобасы ел басшылығының тапсырмаларын, Стратегиялық құжаттарда белгіленген басымдықтарды және сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып дайындалды.

"Заң жобасын әзірлеу алдыңғы әкімшілік реформалардың қисынды жалғасы болды. Орталық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік функцияларды талдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. 55 заңнамалық актіге, оның ішінде 5 кодекс пен 50 заңға түзетулер енгізу көзделді", - деді Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Үкіметтен министрліктерге 89 функцияны, жергілікті атқарушы органдарға 5 функцияны беру арқылы 94 функция қайта бөлінетінін атап өтті. Бұл ретте 4 мемлекеттік органға қосымша өкілеттіктер беріледі.

"Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді. Заң жобасы басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін нақты ажырату бойынша жүргізіліп жатқан саясаттың сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған", - деп атап көрсетті Ә.Ерғалиев.

Заң жобасын қабылдау мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырудағы кезекті қадам болады және оның дербестігін одан әрі арттыруға ықпал етеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?