Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады

3 Маусым 2021, 09:04
Сурет: ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды zakon.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Франция ашық чемпионатының 21-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина алғашқы айналымда рейтингте 493-орында тұрған франциялық Эльза Жакмомен кездесті. Қазақстандық теннисші 21-де болса, "Үлкен дулыға" жарысын ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алған қарсыласы 18-де еді. Бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте жанкүйерлері қолдаған корт иесі брейк жасап кетті. Дегенмен бұдан кейін Е.Рыбакина қатарынан үш геймді өз есебіне жазды – 6:4. Екінші сетте қазақстандық теннисші брейкпен алға шықты –2:0. Бұдан кейін франциялық спортшы қайыра брейк жасағанымен, Елена есепті 4:1-ге жеткізді. Тағы бір брейк –5:1. Содан соң бірінші матчболын сәтті пайдалана білді – 6:1. Бәсеке 1 сағат 12 минутқа созылды. Е.Рыбакина екінші айналымда әлемнің 82-ракеткасы,жапониялық Нао Хибино немесе рейтингте 87-сатыдағы сербиялық Нина Стояновичтің біреуімен кортқа шығады.

Зарина Дияс бүгін екінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен шеберлік байқасады.

Юлия Путинцева алғашқы айналымда әлемнің 26-ракеткасы, Тунис өкілі Онс Жаберге жол беріп, жарыс жолынан шығып қалған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?