Жаңалықтар тізбегі
0

Үкіметтің шешімі осы. Атамқұлов ақылы жолды ақтай бастады

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2021 16:29 Хабар 24
2025 жылға дейін автокөлік жолдарының 11 мың шақырымына ақылы жүйені енгізу жоспарлануда.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов есеп берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесу барысында автожол жобаларын іске асыру және жаңа ақылы учаскелерді енгізу мәселелері талқыланды. Ақылы жүйені енгізудің негізгі мақсаты – автожолдарды күтіп-ұстау шығындарын жабу және республикалық бюджетке түсетін жүктемені азайту.

Қолданыстағы учаскелердегі төлемақы мөлшерлемелері 2013 жылы "Астана-Щучинск" жолында алғашқы ақылы жүйе енгізілгенде Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан бекітілген.

Өз баяндамасында Бейбіт Атамқұлов жол жүру ақысының мөлшерлемесін шет елдермен салыстырды. Мысалы, Ресейде жүк машиналары 1 шақырым үшін 22 теңге төлейді. Италия мен Германияда орташа есеппен 70 теңге, Беларусияда – 80 теңге, ал Хорватияда жүк көлігіне арналған жолдар бойынша жүру құны 122 теңгені құрайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2021 16:29

Қазіргі уақытта қолданыстағы 4 ақылы учаске бойынша ғана төлем алынатындығын айта кету керек. Төлем мөлшерлемесі көлік құралының жүк көтергіштігіне негізделе есептеледі. Мәселен:

- жеңіл автокөліктерге 1 шақырым үшін 1 теңге. Бұл ретте жергілікті жеңіл көлік үшін құны 1 000 теңгені құрайтын бір жылдық абонемент қарастырылған;

- автобустар үшін отырғызу орындарының санына байланысты бір шақырымға 5-тен 15 теңгеге дейін. Ал қалааралық және жергілікті рейстік автобустар төлемнен босатылған.

- жүк көтергіштігіне байланысты жүк автокөліктері үшін бір шақырымға 5 теңгеден 25 теңгеге дейін.

Көптеген елдердегі төлем жүйесі "Жолды кім пайдаланады – сол оның күтіп-ұстауына ақша төлейді" деген әділетті қағидаға негізделген. Жол жабынының бұзылуына негізгі себептердің бірі - инертті материалдарды тасымалдайтын ауыр жүк көліктері екенін ескеру де қажет.

Сонымен қатар, Қазақстан аумағы арқылы үшінші елдерден он мыңдаған транзиттік жүк машиналары өтіп, жол төсемдерінің тез тозуына себепші болады. Ал біздің тасымалдаушылар шет елдердің аумағынан өткенде барлық алымдарды төлейді.

Автожолдардың жаңа учаскелерінде ақылы жүйені енгізу бойынша алыс жолға шығатын жүргізушілердің наразылығы да назардан тыс қалған жоқ. Министр бұл мәселе соңғы 2 жыл ішінде "Атамекен" ҰКП-мен, қоғамдық ұйымдармен, оның ішінде Қазақстанның тасымалдаушылар одақтарымен – "ҚазАТО" және Казлогистикс қауымдастықтарымен бірлесіп талқыланғанын атап өтті. Оны шешу үшін Министрлік, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ, "Атамекен" ҰКП және Казлогистикс өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күні жоғарыда аталған ведомстволар барлық қызығушылық танытқан тұлғалардың ұсыныстарын жинауда. Ұсыныстар толық жиналғаннан кейін, жаңа учаскелерде ақылы жүйені енгізу туралы және төлем мөлшерлемелері туралы Бұйрықтардың жобалары қаралатын болады.

Жалпы 2025 жылға дейін автокөлік жолдарының 11 мың шақырымына ақылы жүйені енгізу жоспарлануда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: