Байден мен Путин кездесуге дайындалып жатыр

7 Маусым 2021, 09:23
Сурет: AFP

АҚШ президенті Джо Байден 16 маусымда Женевада Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу кезінде адам құқықтары мәселесін көтеретінін айтты. Ол бұл мәселеде АҚШ пен Батыстың өзге елдерінің ортақ ұстанымын жеткізетінін мәлімдеген, дейді centralasian.org.

Байденнің бұл айтқандарын Washington Post газеті жариялады.

Байденнің Еуропаға сапары президент ретінде бірінші болғалы тұр. Ол сапары барысында бірінші кезекте одақтастары "Үлкен жетілік", НАТО және Еуроодақ лидерлерімен кездеспек.

АҚШ президенті сапарымның мақсаты "Американың одақтастары мен әріптестеріне адалдығын дәлелдеп, қазіргі дәуірге төніп тұрған қатерді тек демократиялық тұрғыдан жеңуге болатынын көрсету" деген.

Байденнің сөзінше, алдымен одақтастары, әріптестерімен бас қосқаннан кейін барып, Ресей президентімен Женевада кездеспек.

АҚШ президенті Ресейден кикілжің емес, тұрақты қарым-қатынас іздейтінін атап өтті. Бірақ Мәскеуге "зиянды іс-әрекеттері үшін" жауапкершілік жүктейтінін де жоққа шығармады.

Біз кездескен кезде, мен АҚШ, Еуропа елдері үшін демократия мен адам құқықтары мәселесі маңызды екенін тағы еске саламын, - деген Байден.

Женевадағы кездесу АҚШ президентінің бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Бұл ұсынысқа бастапқыда Кремль ұзақ жауап бермеді, кейіннен келісті.

Байден әкімшілігі жақында Ресейге сайлауға араласты, Украина тұтастығына қол салды, оппозиционер Алексей Навальныйды қуғындады деген себептермен тағы да санкция салған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?