Алматыдағы балалар оңалту орталығының экс-директорына қатысты сот үкімі шықты

7 Маусым 2021, 13:38
Сурет: zakon.kz

Алматы қаласы Медеу ауданының No2 аудандық соты Балбұлақ балаларды оңалту орталығының экс-директорына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сот анықтағандай, 2020 жылдың 30 желтоқсанында бұрынғы директордың төрағалығымен өткен комиссия отырысында осы мекеменің 22 қызметкеріне сыйақы ретінде 2 331 169 теңге көлемінде қаражат бөлу туралы шешім қабылданды.

2020 жылдың 31 желтоқсанында А есепшілеріне жалпы сомасы 939 000 теңгені құрайтын сыйақыны жинап, өзіне беруді тапсырды. Осылайша, сот А.-ның өз пайдасы үшін қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғанны, бұл мемлекеттің заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқтырғанын анықтады, яғни ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Прокурор оған 1000 АЕК көлемінде айыппұл салуды сұрады (2 917 000 теңге).

Сотта түсіндіріп өтілгендей, Қылмыстық кодекстің 361-бабының 1-бөлігінің санкциясы 2000 АЕК-ке дейін айыппұл түрін немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жегуді немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазалауды көздейді. Ия болмаса, екі жылға дейінгі бас бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Сот үкімімен бұрынғы басшы қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот сотталушы келтірілген залалды толық көлемде өтегенін, бірінші рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын, өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінгенін ескерді. Сонымен бірге, ауырлататын мән-жайлар келтірілген жоқ. Осыған байланысты, А.-ға мемлекеттік қызметте, қаржы ұйымдарында, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?