Аттестат пен дипломдарды толтырудың жаңа тәртібі қабылданды

vlast.kz vlast.kz
Қате ресімделген құжат бүлінген болып саналады және ол жоюға жатады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 1 маусымдағы бұйрығымен білім туралы құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптарға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен, жаңа талаптар келесі сипаттағыдай:

Куәліктерді, аттестаттарды, кәсіптік даярлау туралы куәліктерді, дипломдарды және олардың қосымшаларын оқу орны каллиграфиялық жазумен (қара тушьпен немесе қара түсті шарлы қаламмен) немесе баспа жабдығының көмегімен толтырады.

Куәліктердің, аттестаттардың, кәсіптік даярлау туралы куәліктердің, дипломдардың бланкілері (бұдан әрі - бланкілер) және олардың қосымшалары қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

Сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдар мен оның қосымшылары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде толтырылады.

Бланкінің оң жағы тиісті органдар арнайы штамп (апостил) пен белгі қоюға арналады. Ол бірыңғай ережелерге сәйкес басқа елге апарғанда заңды құжат екенін айғақтау үшін тиісті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының нотариустарының белгісі қойылады, - делінген құжатта.

Бланкі толтырудан кейін жазбалардың дәлдігі мен дұрыстығы мұқият тексеріледі.

Қате ресімделген құжат бүлінген болып саналады және ол жоюға жатады.

Талаптарды толығырақ мына жерден оқуға болады.

Бұйрық 2021 жылғы 18 маусымда күшіне енеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз