Зират басынан Тик-Ток түсірген қыз әпкесінің соққыға жығылғанын мәлімдеді

8 Маусым 2021, 12:59
Сурет: pixnio.com

Тараздағы зират басынан TikTok-қа видео түсірген қыз Қарағандыдағы әпкесін әлдекімнің сабап кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желіні мониторингілеу кезінде тәртіп сақшылары соққыға жығылып, ауруханаға түскен әйелдің видеосы мен суретін тапты.

Бұл жазбаға бір қыз түсініктеме қалдырған. Ол Таразда болғанын, онда мұсылман зиратында видео түсіріп, оны өзінің TikTok парақшасында жариялағанын жеткізеді. Осы қылығы үшін оған белгісіз адамдардан қоқан-лоқылар келе бастапты, сол себепті де оның Қарағандыда тұратын үлкен әпкесі зардап шегіп, үйінің кіреберісінде соққыға жығылған делінеді жазбада, - деп хабарлайды Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұл факт полицияда тіркелді. Оған қатысты Қарағанды ​​қаласының 20 жастағы тұрғыны анықталды.

Әлеуметтік желідегі жазбада айтылғандай дене жарақатын алу мән-жайлары шындыққа сәйкес келмейді. Әйел оны әлеуметтік желіде Тараздан түсірілген видео пайда болмастан бұрын тұрмыстық жағдайда алған. Ал 18 жастағы кіші сіңлісі ескертусіз әпкесінің фотосуреттері мен видеосын желіде қолданған. Сонымен қатар, әйел арыз жазудан бас тартты, өйткені оның ешкімге шағымы жоқ, - деді полициядағылар.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?