Елордада балапандарын ерткен жабайы үйрек құтқарылды

8 Маусым 2021, 13:35
Сурет: видеодан алынды

Елордалық тәртіп сақшылары үйректерді құтқару үшін ерекше операция өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, Нұр-Сұлтан қаласының ПБ-ның “102” нөміріне сағат 20:40-та елорда тұрғыны хабарласып, полиция қызметкерлерінен Байтұрсынов көшесі бойында жүрген үйректерге көмектесуді сұрады.

Елорда тұрғыны Татьяна Зигельдің айтуынша, аялдаманың жанында үйректер кенеттен пайда болды. Әйел құстарды өз бетінше құтқарғысы келді, еш нәтиже шықпаған соң, ол полиция көмегіне жүгінді. Бірнеше минут ішінде оқиға орнына патрульдік полиция полкінің қызметкерлері келді. Тәртіп сақшылары үйректерді қорапқа жинап, Есіл өзеніне жіберді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?