ШҚО-да "Борышкер" шарасы басталады

8 Маусым 2021, 14:31
Сурет: ашық дереккөздерден

2021 жылғы 09-11 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысы аумағында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу қажеттілігі туралы еске салады.

Бұдан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 810-бабына сәйкес (әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу негіздері) борышкерлер әкімшілік хаттама жасалған сәттен бастап 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50%-ын қысқартылған іс жүргізу тәртібімен төлеуге құқылы екенін еске саламыз. Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе, тұлға айыппұл төлеу қажеттілігі туралы тиісті хабардар етілген сәттен бастап 7 тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының 50% мөлшерінде айыппұл төлеуге құқылы. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін айыппұл толық көлемде төленеді.

Айыппұлды өз еркімен төлеу үшін қолданыстағы заңнамада 40 күндік мерзім көзделген. Жоғарыда көрсетілген мерзімде айыппұл төленбеген жағдайда, әкімшілік материал мәжбүрлеп өндіріп алу үшін мемлекеттік не жеке сот орындаушыларына жіберіледі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?