Алматы қаласы әкімінің жаңа кеңесшісі тағайындалды

8 Маусым 2021, 14:46
Сурет: zakon.kz

Алматы қаласы әкімінің жаңа кеңесшісі тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ернар Құрмашев креативті экономика бойынша Алматы қаласы әкімінің штаттағы кеңесшісі болады.

Құрмашев Ернар Атымтайұлы 1984 жылы туған. Ол Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-ды тәмамдаған. New York Film Academy тағылымдамадан өткен инженер.

Қызметінің әр жылдарында ол "Қазақстан компьютерлік графикасы" ЖШС-нің басшысы, продюсері, "Астана фильм қоры" кинокомпаниясының директоры, Алматы қалалық мәдениет басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. Сондай-ақ ол Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды. 2021 жылдың сәуір айынан бастап "Қазақстанның шығармашылық кәсіпкерлер қауымдастығы" ЗТҰ басқарма төрағасы болып табылады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?