Алматы облысында оталып жатқан ағаштарға байланысты дау бұрқ етті

8 Маусым 2021, 17:42
Сурет: 24kz

"Алматы-Жетіген" автожолының бойындағы қоғамдық орындағы - "Шин-Лайн" серіктестігінің территориясындағы ағаштар кесіліп жатыр. Қоғам белсендісі Салтанат Ташимова осылай деп дабыл қақты, деп хабарлайды zakon.kz.

Компания бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді.

Кәрі, шіріген ағаштарды ауыстыру тас жол мен өндірістік аймақ бойындағы қоғамдық территория учаскесін жақсарту жобасының бір бөлігі болып табылады, деп хабарлады компаниядағылар.

Бұл жоба Алматы облысы мен Іле ауданының әкімдіктерімен бірлесіп жүзеге асырылуда және барлық қажетті рұқсат қағазға ие.

Жоба кәсіпорын ішіндегі көлік тұрағы аумағын кеңейтуді мақсат етеді. Ыстық климат үшін көлеңкелі аумақтар тұрғызу қамтамасыз етілген: бағалы, жапырақты ағаштар түрлері, күркелер, беседкалар, асфальт орнына брусчатка төсеу, субұрқақтар орнату. Серуендеуге арналған аллеяның негізін қалау жұмыстары басталып та кетті, мұнда күзде 200-ден астам ағаштар отырғызылады, 1000 метрден астам тротуар төсеніштері салынады, орындықтар орнатылады, гүлзарлар мен кішігірім архитектуралық нысандармен қоса көгалдандыру жүргізіледі, ертегі кейіпкерлері мен балмұздақ қондырғылары орнатылады, дәретхана, жарықтандырғыш және балмұздақ киоскілері бар заманауи жабдықталған екі аялдама кешені, балмұздақ фабрикасына экскурсияға келген балаларға арналған ойын алаңдары бой көтереді, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бір оталған ағаш орнына онын отырғызу шарасы сәуір айында ресми ұйымдардың рұқсаттары мен тапсырыстары басталып кеткен. Кәсіпорын аумағын және "ҚазАвтоЖол" және "Облавдорға" тиесілі учаскелерде - Алматы облысы Іле ауданының қоғамдық аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру мақсатында 1 200-ден астам ағаш отырғызылды, бұл меншік иелерімен, аудандар мен облыс әкімдерінің келісімі бойынша жүзеге асырылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?