Алдағы үш тәулікте күн салқын болады

9 Маусым 2021, 11:56
Сурет: Pixabay

Баяу қозғалатын оңтүстік циклоны Қазақстан аумағында әлі де тұрақтайды, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Осыған байланысты алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, орталықта және оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауып, жел күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін, сондай-ақ оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Республиканың солтүстік, орталық және шығыс бөлігіндегі ауа температурасының төмендеуіне кезекті суық скандинавиялық антициклон ықпал етеді. Бұл аймақтарда термометр бағандары түнде 2-10 жылыға дейін, күндіз 15-20 жылыға дейін, оңтүстік бөлігінде 7-18 жылыға дейін, күндіз 22-35 жылыға дейін төмендейді.

Батыс бөлігінде ауа температурасы түнде 15-23 жылыға, күндіз 25-37 жылыға дейін өзгереді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?