Мұнай құнының өсуіне байланысты мамырда теңге бағамы қалай өзгерді

9 Маусым 2021, 15:54
Сурет: zakon.kz

Мамырда теңге бағамы мұнай бағасының өсуі аясында 428,71 теңгеге дейін 0,1%-ға нығайды. Салық аптасы мен бейрезиденттер инвестицияларының ұлғаюы теңге үшін қосымша оң факторлар болды: экспорттаушылар салық кезеңінде шамамен 290 млн АҚШ долларын биржада конвертациялады, ал бейрезиденттердің ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарына келуі шамамен 100 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Барлық аталған оң факторлар аясында теңгенің шамалы нығаюы дивидендтер төлеу үшін шетел валютасына сұраныстың артуына байланысты болды. Жылдық аудиттелген есептілік қалыптастырылғаннан кейін компаниялар күн тәртібіне дивидендтер төлеу қажеттігін шығарып жыл сайынғы акционерлер жиналысын шақырады. 2021 жылы да көптеген банктер мен компаниялар наурыз-сәуір аралығында 2020 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу жөнінде шешім қабылдады. Шетел валютасында төлеу, атап айтқанда, ірі жергілікті банктердің бірі ұсынған шетел валютасында төлеу қажеттілігі мамыр айында нарық тарапынан қосымша сұраныс факторы болды, - деді Молдабекова.

Оның айтуынша, жалпы, валюта нарығындағы жағдай теңгерімді болды, Ұлттық Банк интервенция жүргізген жоқ. Бюджетке трансферттерді жүзеге асыру үшін валюта нарығында 553 млн АҚШ доллары конвертацияланды, квазимемлекеттік сектордың сату көлемі шамамен 340 млн АҚШ долларын құрады.

Маусымда теңге бағамының нығаюы жалғасып отыр. Айдың басынан бастап мұнайдың ең жоғары бағалары аясында валюта 428,71-ден 426,70 аралығында немесе 0,5%-ға нығайды, - дейді ол.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?