Маңғыстаудың киелі жерінен сирек кездесетін тұяқты жануар кезікті

9 Маусым 2021, 17:14
Сурет: Инстаграм

Маңғыстау облысындағы Бекет-Ата жерасты мешіті аумағынан үстірт текесі байқалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қызылсай ауылының тұрғыны, облыстың қасиетті жері мен көрікті орындарын аралап, экскурсия жүргізіп жүрген Бағдат Бесмағамбетов өзінің Instagram парақшасында "Қызыл кітапқа" кіретін үстірт текесінің суреттері мен видеосымен бөлісті.

Оның айтуынша, ол 7 маусымда Бекет-Ата жерасты мешіті аумағынан тау текесіне тап болған.

Адамдар оларға тиіспейді. Бұған олар үйреніп алған, қашпайды да. Мен үстірт муфлонын Бекет-Атада бірінші рет кездестіріп тұрған жоқпын, - деп жазды Бағдат Бесмағамбетов.

Үстірт муфлоны (атау - Үстірт тау қойы) - қошқарлар тұқымдасынан туындайтын тұяқтылар. Отырықшы өмір салтын жүргізеді. Аласа шөлді тауларда болады. Қазақстанда үстіртте кеңінен мекен етеді. Қазақстанның Қызыл кітабына, сондай-ақ Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау одағының (IUCN) Қызыл тізіміне енгізілген.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?